Этнография

БАЛҚАШТА АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

4 ноября, 10:31 1708

\"\\"\\"\"

Ескерткіштің ашылуы осы жылдың 4 қазанына тура келді. Ескерткіш жеке азаматтардың жинаған қаражаттарына салынды. Бұл игі іске мұрындық болған және ынталы топтың жетекшісі болған – Балқаш қаласының тұрғыны Бейсен Інтепеков.

Осыдан үш жыл бұрын  Бейсеннің қолына Қазақстандағы ашаршылық жайлы жазылған бір журнал түсіп оны оқығаннан кейін туған халқының  кешкен сұмдық зұлмат жайлы ойлар оны мазаландыра берді. Бүкіл ұлттың басына түскен алапат ашаршылықтың әлі күнге дейін тарих қойнауында толық аршылмай, тарихтан өзіне тиісті бағасы мен орнын алмай отырғандығы жанына ерекше батты.

Не жасыратыны бар, көптеген замандастарымыз, оның ішінде әсіресе жастар, қазақ даласында болған, әрбір екінші отбасыны шарпыған,  сол бір сұм зұлмат жайлы дұрыс білмейді. Бейсен Мұсабекұлы бірнеше достары мен ынталы топ мүшелерін жинап, сол бір зұлмат жылдары Балқаш өңіріне аштық айдап келіп, осы өңірдің сай-саласында ажал тапқан, сүйектері көмусіз қалған ата-бабаларымызды кейінгі ұрпақ білсін деп, олардың әруақтарына зиярат ететін ескерткіш белгі орнату жұмысын қолға алады. Осы мақсатта ашаршылық тақырыбында көптеген зерттеулер жүргізген ғалым-демограф Мақаш Тәтімовпен байланысып бірлесіп жұмысқа кіріседі.

 Кесенеге орын таңдау мәселесі де ойланып шешілді. Қаланың қазіргі  Ескі Алаң деп аталатын жерінде зауыт болған еді. Міне осы жерге 1930 жылдары  аштықтан аман қаламын деген үмітпен шұбырған мыңдаған қазақтар ағыл-тегіл келе бастады. Осы кездер жайлы «Индустриальная Караганда» басылымында балқаштық өлкетанушы Күләш Сардарбек былай жазыпты:  «...Жұмыс іздеген, малынан айрылған, бір үзім нан іздеген көшпелі қазақтар Балқашқа ағыл-тегіл келе бастады. 1930 жылдары Балқаш көлінің жағасында алғашқы қала құрылысшыларына арналған 1000 киіз үйлік поселок пайда болды. Құрылысшыларға тамақ жетіспейтін. Шұбырып келіп жатқандардың легі тоқтар емес. Келушілер киіз үйлерге кіріп пана іздейді. Не істеу керек? «Жұқпалы аурулардың індетін болдырмау» мақсатында жаңағы мың үйдің 900-ін өртеп жібереді.

  Осы оқиғаны өз көзімен көрген С.Сидоров: «Қазіргі алаң маңында, тұғырда Т-34 танкі тұрған жерді келген комиссияның бірі «тазартыңдар» деп бұйрық берді. Комиссия тексерген киіз үйлерді өліктерден тазартты. Аман қалғандар мен ауруларды түгел жинап көлікке тиеп белгісіз жаққа алып кетті. Қалған босаған киіз үйлерді жығып,  ішіндегі заттарымен бірге өртеп жіберді. Көл жағасында киіз үйлер көп болатын..»

Осы сөздерді қаланың ежелгі тұрғындары Әбдуалиев, Құлжанова растады, олар киіз үйлерін жасырып, өртеуден аман алып қалыпты. Қаланың алғашқы құрылысшыларының бірі Л. Маленко адамдарды баржаға еріксіз мәжбүрлеп  тиеп Бөрлітөбеге (қаладан 300 шақырым жерде) тасығанын, жол бойы өлгендерді көлге лақтырғанын өз көзімен көрген. Сонымен бірге, ол кісі адамдарды сөндірілмеген әкпен бетін жауып көмгенінің куәсі болыпты.

Бұл деректер қаланың мұрағат қорында болмай шықты. Бірақ мұндай зұлматты халықтың жадынан өшіруге бола ма? Жоқ. Ешбір күштің қолынан келмейді, оны өшіру. Бірақ бір дерек қалыпты. Балқаш қаласының көшелерінің бірі соғыстан кейінгі жылдарға дейін сол аштан өлгендердің белгісі ретінде Голодная (қаланың ежелгі тұрғындары біледі) деп (қазіргі Томпиев көшесі) аталып келіпті.

 Кейбір деректер бойынша Балқаш қаласын салу құрылысында 49 мың қазақ өлген. Сол кезде қазақтарды зорлықпен отырықшылдыққа мәжбүрлеу жұмысы жүргізіліп, олардың малы тартып алынды, коммунистік жұмақ тұрмысқа жеткіземіз деп  колхозға айдап кіргізді. Осындай голощекиндік зұлымдық террордың нәтижесінде Қазақстанда жергілікті халықтың жартысынан көбі қырылды. Қазақтар оны Ұлы Ашаршылық деп атады.

Голощекин жасаған Ашаршылық – ХХ ғасырда болған ең үлкен трагедия. Ол пайыздық үлесі жағынан  армян геноцидінен асып түседі, украиндік ашаршылықтан үш есе артық, еврейдің Холокостімен теңеседі. Қасіреттік тұрғыдан алғанда Пол Поттың тұсында болған  кампучиялық қанды қырғыннан да асып түседі.

Кесене - қурап қалған ағаш – Әруақ образындағы өлгендерді,  олардың азабын көрсетеді. Жоғары жағында қазақтың рухани байлығының белгісі – Домбыра қойылған. Төменгі жағына қазақтың жалғаса беретіндігінің айғағы ретінде – Бесік қойылған. Бесікке үңіліп қарағанда одан шығып тұрған жеті бұтақты, яғни әр қазақтың білуге тиіс, ұмытпауға тиіс  Жеті Ата ұрпағын көрсететін белгіні аңғарасыз. Астына араб тілінде: «Рахымы күшті Аллатағаланың құдіреті жар болсын» деген Құран сөзі жазылған.

Бұл кесенені алматылық сәулетші Сегізбай Сұлтанов жасаған. Кесененің ашылуына академик-демограф Мақаш Тәтімов келіп сөз сөйлеп бұл ескерткіштің Қазақстандағы Ашаршылық құрбандарына арналған алғашқы кесене екенін атап өтті.

Бір өкініштісі, ресми адамдар бұл шараға келмеді, сірә бұл ескерткішті артық санаған болса керек. Олардың  Ар мен Әруақтардың алдында өз айтары мен өз дәлелі бар болар. Біз бұл мәселені саясиландырудан аулақпыз – халықтың тартқан азабын, бастан кешкен зұлматты жылдарын адамдардың жадынан да, тарихтан да өшіре алмайсың. Мұндай зұлматты ешуақытта ешбір халықтың басына бермесін! Қайталанбасын! Сол үшін ғана Сол үшін ғана ұмытпайық! 

Оксана Живицкая

Комментарии (4)

  • Ботагөз Зарқынқызы , 8 ноября, 16:30
    Өте дүрыс шара, Қазахстанның әр бір қаласында осындай ескерткіш болу керек! рахмет, Бейсен-аға!
  • RBAVFeGvORAyNUpdua , 14 апреля, 17:54
    u21B6k <a href="http://oosqqjuylcyz.com/">oosqqjuylcyz</a>, [url=http://jqtjvitvieer.com/]jqtjvitvieer[/url], [link=http://wjgqjhrcorfg.com/]wjgqjhrcorfg[/link], http://hqwncnxnxezn.com/
  • ELZorsONAstNV , 10 августа, 10:41
    5fjvR0 http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com
  • cmSgQKsaPVFpOrvE , 25 января, 8:07
    G3Fypn <a href="http://ifdknwuotehi.com/">ifdknwuotehi</a>, [url=http://gzghqgnifooc.com/]gzghqgnifooc[/url], [link=http://grengazlmela.com/]grengazlmela[/link], http://tclhzekohlxp.com/